🍀 *ХИКАЯ* 🍀 Бірде тышқан түйені көріп ғашық болады. Оның шылбырынан ұстап үйіне қарай жетектеп есігінің алдына алып келгенде, түйе тышқанның ініне бір қарап өзінің арбиған денесіне бір қарап былай депті: *«إِمَّا أَنْ تَتَّخِذِيْ دَارًا تَلِيْقُ بِمَحْبُوْبِكِ أَوْ تَتَّخِذِي مَحْبُوْبًا يَلِيْقُ بِدَارِكِ!»* *_Е Ғашығыңа лайықты үй тұрғыз, не болмаса үйіңе лайықты біреуге ғашық бол_* деген екен))) Осы хикаяға орай Ибн Қайым былай деп айтқан екен: _Мен мұсылманмын деп кеудесін қаққан əрбіріңе қарата айтайын_: «إمَّا أَنْ تُصَلِّي صَلَاةً تَلِيْقُ بِمَعْبُوْدِكَ، أَوْ تَتَّخِذُ مَعْبُوْدًا يَليْقُ بِصَلَاتِكَ _"Оқыған намазыңды Жаратқан Құдайыңа лайықты етіп оқы, не болмаса намазыңа лайықты құлшылық ететін Құдай тауып ал!"_ Кім намазын кейінге қалдырып кешеуілдете беруді əдетке айналдырса, Алла да оның ісін, несібесін, берекесін кешеуілдете бермек. Хасан Басрий айтады: _Егер саған намазың арзымайтын нəрсеге айналған болса, онда сен үшін не нəрсе қадірлі болғаны?_ _Намазың қаншалықты тура болса, тіршілігің де сондай тура болады._ _Сен жамандықтан құтылу мен жақсылыққа жетуіңнің намазбен келетінін білмеуші ме едің?!_ _Сен Алланың"Хаййə хəлəс-солəһ, хəййə ъəлəл-фəлах" (Намазға асығыңдар, құтылуға асығыңдар) деген үндеуіне жауап қатпай, Алладан қайбір ісіңнің сəтті берекелі болуын күтпексің?_ *رَبّ اِجْعَلْنِي مُقِيم الصَّلَاة وَمِنْ ذُرِّيَّتِي رَبّنَا وَتَقَبَّلْ دُعَاءِ* *_Иə Рабби, Мені жəне ұрпағымды намазға берік ете гөр жəне осы дұғамды қабыл ете көрші!_*

Теги других блогов: намаз құдай хикая